Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жұма, 19 сәуiр, 13:06

Нұрлыбек Нәлібаев Хон Бом До мемориалына гүл шоқтарын қойды

24.05.2023

438

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасы Тэджон қаласының мэрі Ли Чан Ву мырзамен кездесуден кейін Тэджон ұлттық зиратына қайта жерленген генерал Хон Бом До мемориалына барып, тағзым етті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хон Бом До – Кореяның азаттығы үшін күрескен бірегей тұлға. Генерал өмірінің соңғы жылдарын Қызылорда қаласында өткізгені белгілі. Туған жерінде батырдың ерлік даңқы ұмытылмаған. Ал Қызылорда қаласында Хон Бом Доның құрметіне мемориал тұрғызылған және қала көшелерінің бірі оның есімімен аталады.

Қызылорда қаласында жерленген генерал Хон Бом До сүйегінің тарихи отанына қайтарылуы Қызылорда облысы мен Кореяның өңірлері арасындағы байланыстардың орнатылуына және дамуына зор серпін беруде.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және делегация мүшелері Тэджон қаласында орналасқан ұлттық зиратқа барып, «Отан үшін құрбан болған боздақтарға арналған мемориал» кешенінде болды. Генерал Хон Бом До зиратына Қызылорда халқының ыстық ықыласын білдіретін гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация 23 мамыр күні Корея Республикасы Тэджон қаласының мэрі Ли Чан Ву мырзамен кездесті. Өзара байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында тараптар келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың бағыттарын айқындады.

Кездесу нәтижесінде Тэджон қаласының мэрі Ли Чан Ву мырза мен Қызылорда облысы әкімі Н.Нәлібаев өңірлер арасындағы байланысты өркендету үшін бауырластық қатынастар орнату туралы Меморандумға қол қойды.

347408834_207885665469945_2623794832145049786_n.jpg
347226408_1720203748430573_3369852581451789421_n.jpg
347233868_673015028169817_8694252392865109386_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: