Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 18:09

Облыс әкімі жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарын құрметпен шығарып салды

02.04.2023

380

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутат болып сайланған Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаевті жаңа қызметтеріне шығарып салды.

Аймақ басшысы Мархабат Жайымбетұлы мен Мұрат Нәлхожаұлының аймақ дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, алғыс білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз үшін аса маңызды саяси реформалар жүзеге асуда. Бір жылға жуық уақыт ішінде бес саяси науқан өтті. Кешегі саяси науқанда сайлау жүйесіндегі ерекшеліктерге сәйкес көппартиялықты дамытуға, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейтуге басымдық берілді. Сыр жұртшылығы елдігімізді, тату тірлігімізді, береке-бірлігімізді тағы да дәлелдеп, республика бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткіздік.

Дана халқымызда «Береке бастауы— бірлік, ел іші тату тірлік» деген жақсы сөз бар. Мархабат Жайымбетұлы мен Мұрат Нәлхожаұлы Мәжіліс мінберінен облысымыздың күрмеулі мәселелерін көтеріп, шешім табуына зор үлес қосады деп сенім білдіреміз. Алдағы қызметтеріңізге абырой тілейміз, ел сенімін ақтай беріңіздер!», – деді облыс әкімі.

Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Өз кезегінде жаңадан сайланған депутаттар аймақ басшысына, өздеріне қолдау білдірген барша сырбойылықтарға алғыс білдірді. Өңір дамуына барынша жанашырлық танытып,  атсалысатындарын айтты.

Жаңадан сайланған депутаттарға кезінде осы қызметті абыроймен атқарған ел ағалары Бақберген Досманбетов, Самұрат Имандосов және облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов игі тілек білдірді.

Еске салсақ,  19 наурыз күні ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Саяси додада ел азаматтары халықтың сенім үдесінен шығып, сайлаушылардың басым дауысымен жеңіске жетті. Оның ішінде Қызылорда облысынан «AMANAT» партиясы ұсынған тізімге енген Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы, Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы, Әбенов Мұрат Әбдуламитұлы және «Республика» партиясы тізіміндегі Қожаназаров Айдарбек Асанұлы Мәжіліс депутаты болып сайланды.

FB_IMG_1680370191268.jpg
FB_IMG_1680370187554.jpg
FB_IMG_1680370199312.jpg
FB_IMG_1680370196370.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: