Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 04:32

Өнері өрелі өрендер

20.06.2023

966

0

Қазақ халқында сахна өнері, оның ішінде би өнері бұрыннан ерекше қошеметке ие. Бекзат өнер саналатын би көрерменге адамның ішкі жан дүниесі мен мінез-құлқын дәлме-дәл жеткізуді мақсат етеді. Ол жай қимылдан, құр қозғалыстан тұрмайды. Биді көзбен көріп қана қою аз, оны жүрекпен түсіну қажет.Тіпті тіл жеткізе алмайтын дүниелерді бимен айшықтауға болады. Одан бөлек бұл өнердің денсаулыққа тигізер пайдасы да орасан. Ол адамның арқа, іш, аяқ бұлшық еттерін нығайтады әрі сергектік сыйлайды. Буын мен омыртқадағы зат алмасуын жақсартуға септігін тигізеді. Ал шетелдік мамандар бишілік өнер адамға мол энергия мен мықты қуат береді деп есептейді.

Қазақтың ұлттық би өнері дегенде, ең алдымен көз алдымызға Шара Жиен­­құлова елестейтіні рас. Себебі Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ал­ғашқы қарлығашы, сонымен бірге «Қа­зақта би жоқ» деген түсінікті бұзған кәсіби маман. Шара Баймолдақызы – Польша, Чехославакия, Қытай, Фран­ция, Италия, Моңғолия, Үндістан, Иран, Сирия, Ливан сияқты елдерде қазақтың ұлттық би өнерін көрсетіп, насихаттап, сонымен бірге сол елдің ұлттық би үлгілерін бізге жеткізе білген хас шебер. Ол ұлттық би өнерін ғылыми тұрғыда терең зерттеп, «Айжан қыз», «Қара жорға», «Тәттімбет», «Қы­рық қыз» сияқты билерді шығарып, би арқылы халқының әдет-ғұрып, салт-дәс­түрін насихаттаған, халық биіне жаңа түр, жаңа сипат берді. Бү­гінде Шара Жиенқұлованың жолын қуып, би өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан мың бұралған биші­ле­ріміз баршылық.
Саналуан сайыстарда бақ сынап, аудан абыройын асқақтатып жүрген өнерпаздарымыз – аудандық өнер мек­тебінің «Хореография» класы оқу­шы­ларынан құралған «Art-Action» би тобы.
Бүгінде «Art-Action» би тобы сах­на­ның көркіне айналып, талай мәрте облыстық, республикалық, халықара­­лық байқаулардың жеңімпазы атан­ды. Атап айтар болсақ, 2022 жылы об­лыстық «Қайнар бұлақ» хо­рео­г­ра­фиялық байқауына қаты­сып, «Топ­тық би» номинациясы бойын­ша дип­­ломант атанды. 2022 жылы об­лыс­­тық «Қайнар бұлақ» хорео­графиялық бай­қауына қатысып, «Жеке би» номи­нациясы бойынша Азат Садунов қа­тысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. 2022 жылы республикалық «BALA FEST» байқауынан І орын, 2023 жылы об­лыстық «Бозторғай» балалар шығар­машылығы байқауынан бас жүлдені иеленіп, халықаралық байқауға жол­дама алды.
Алматы қаласында өткен байқауға 1120 өнерпаз Қыр­ғызстан, Қытай, Беларусь және Тәжік­стан республикаларынан қатысты. Со­­лардың бірі – Жалағаш ауданынан «Art-Action» би тобы. Байқауда Қа­зақстан, Армения, Өзбекстан және Бе­лоруссияның хореограф мамандары қазылық жасады. Өнерпаздар байқауда 2 би қойылымын орындады.
Жалағаш ауданының атынан қа­тыс­қан «Art-Action» би тобы бұл бай­қауда әділқазылар мен халыққа «Ерке сылқым» мен «Қарақшылар» биін ұсын­ған. Бірнеше күнге созылған бай­қауда біздің өнерпаздар өзгелерден оқ бойы озық болып, нәтижесінде жүлделі І орынды иеленді.
– «Хореография» класы 2018 жылы ашылды. Қазіргі таңда бізде 1 ші және 2 ші класс оқушыры бар. Жалпы барлығын қосқанда 36 өнерпаз. Оқушылар хореографияны 4 класс бойынша оқып шығады. Онда оқушыларға халық биі, классикалық би, заманауи би, музыка сауаттылығы, ретмика деген пәндер бойынша сабақ өткіземін. Және әр тоқсан, класс сайын оқушылар осы пәндерден емтихан тапсырып, кластан-класқа көшіп отырады.
«Art-Action» би тобының шығар­машылық қоржынында «Ерке сыл­қым», «Хорезм», «Жастар» биі, «Қа­­­­рақ­­­­шылар» биі, «Шашу» биі, «Қуыр­шақ­­тар» биі, «Орыс» биі және т.б әр­­түрлі ұлт билері бар. Әр жаңа туындыға түрлі сахналық костюм тіктіріп, үлкен дайықпен кірісеміз. Алматы қаласында өткен байқауға 2 класстың оқушылары, яғни 16 өнерпаз қатысып қайтты. Байқауға қатысуға ықпал жасап, демеушілік көрсеткен ел ағалары «Асар Холдинг ЛТД» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Қожахмет Баймаханов пен Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Абай Байпанұлына ерек­ше алғысымды білдіремін, – деді би тобының жетекшісі Айбарша Үсейн.
Балаларды өнерге дайындауда аян­бай еңбек етіп, жеңісі мен жемісін кө­ріп жүрген Айбарша Бекбайқызы – ау­дан, облыс әкімдерінің алғыс хатта­ры­мен облыстық білім бөлімінің арнайы «Құр­мет» грамотасымен марапатталған бі­лікті маман.


Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: