Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 12:00

Өзге елде ерлік жасады

24.12.2023

434

0

Оңтүстік Корея астанасы Сеулдегі елшілігіміздің қызметкері өртеніп жатқан көлікті сөндіріп, алапат өрттің алдын алды. Өрт Сеулдегі ғимараттардың бірінде болған.

Руслан Қайрамбаевтың Кореяға келгеніне айдан асқан. Өзінің айтуынша, ол сол күні демалыста болған. Бірақ шұғыл шаруа шығып, елшілікке асығады. Сол-ақ екен, жанып жатқан көлікті байқайды. Руслан Қайрамбаев ойланбастан өртті сөндіруге ұмтылады. Шұғыл әрекеттің арқасында қызыл жалынды ауыздықтайды.
– Тұрақтан жанып отырған машина шықты. Өртті бірінші болып хатшы Байтілеуов Бауыржан байқады. Мен өрт сөндіргішті алып, машинаны өшіруге кірістім. Жүргізуші жеңіл көлігімен жерасты тұрағынан шыққан кезде қызыл жалын бұрқ етті, – дейді отандасымыз.
Иә, Русланның ерлігін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда. Йонсан мөлтек ауданының әкімдігі алғыс хатпен де марапаттаған.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: