Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сәрсенбі, 08 сәуiр, 19:39

«Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық конференция мен көрме өтті

08.04.2026

4

0

Ыстанбұл қаласындағы Түрік және ислам өнері музейінде «Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық конференция және көрме өтті.

«Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық конференция мен көрме өтті

Мазмұнды әрі тағылымды шараны Қызылорда облысы әкімдігінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен ҚР Ұлттық музейі және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп ұйымдастырды.

«Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық конференция мен көрме өтті

Негізгі мақсаты – оғыз мұрасы негізінде Ұлы Дала мен Анадолы арасындағы тарихи-мәдени сабақтастықты айқындау, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын зерделеу және ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

«Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық конференция мен көрме өтті

Конференция Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемовтің алғысөзімен ашылды. Оған Қазақстан Республикасының Түркиядағы Бас консулы Аманқұл Нұриддинов, Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің департамент директоры Бироль Инджеджикоз, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының өкілдері қатысты.

«Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық конференция мен көрме өтті

Пленарлық отырыста қатысушылар оғыз тайпаларының шығу тегі мен тарихи рөлі, олардың қазіргі түркі өркениетіне ықпалы, Анадолы аумағындағы археологиялық зерттеулер, Сырдарияның төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалардың урбанизациялық үдерістері жөнінде мазмұнды баяндамаларын ұсынды. Жаңа археологиялық деректер мен музейлік тәжірибелер кеңінен талқыланып, мамандар өзара пікір алмасты.

Жиыннан кейін көрменің салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Оны Руслан Рүстемов, Аманқұл Нұриддинов, Берік Әбдіғалиұлы және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев аралап шықты. Шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Түркия мемлекетінің және Түрксой ұйымының өкілдеріне облыс әкімінің Алғыс хаты, Сыр өңірінің бренді – күріштен салынған картина табысталды.

«Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық конференция мен көрме өтті

Сонымен бірге, Сырдың дәстүрлі жыр-термелері орындалып, қобыз сазы арқылы ұлттық рухани мұра кеңінен насихатталды. Көрме экспозициясында оғыз дәуіріне тиесілі бірегей археологиялық жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылып, сол арқылы түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасы жан-жақты таныстырылды.
Қазақ даласындағы түркі халықтарына ортақ рухани құндылықтарды бір тамырдан нәр алған туысқан түркі бауырлармен бірге дәріптеудің маңызы зор. Қызылорда облысының әкімдігі Сыр бойындағы оғыз мәдениетін ғылыми зерделеуде қарқынды жұмыстар жүргізіп келеді. Соңғы үш жыл бойы ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп Елорда төрінде бірнеше халықаралық көрме, конференциялар өткізілді.
Бүгін осы мәдени шаралардың ауқымы кеңейіп, Ұлы Даладағы оғыз мәдениетінің тарихи сабақтастығын зерделеуге бағытталған халықаралық конференция мен көрме ұйымдастырылды. Тарихы ортақ халықтардың келешегі үшін мұндай шараларды бірлесіп өткізудің идеялық мазмұны айрықша және ол екі ел арасындағы ортақ тың жобаларға жол ашары айқын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: