Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:04

Оқу-жаттығу өтті

25.11.2023

266

0

Аудан орталығында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, шұғыл әрекет ету жасақтарының қыс мезгіліне дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығу жиынына аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов қатысып, әрбір жеке құрамның дайындығын мұқият қарап шықты.

Орталық алаңда аудандық төтенше жағдай, азаматтық қорғау қызметтері, орман шаруашылығы, құқық қорғау, жедел жәрдем қызметі, аудандық коммуналдық кәсіп­орындар мен өзге де жауапты мекемелердің қызметкерлері мен техникалары жиналды. Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында төтенше жағ­дайларды жою бойынша азаматтық қорғау құрылым­дарының іс-әрекеттері пысықталып, жасақ жетекшілеріне жүктелген функционалдық міндеттері бойынша тапсыр­малар берілді.
– Бүгінгі «Қыс – 2023» оқу-жаттығу жиынының маңызы зор. Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың жиі орын алу ықтималдығы жоғары болғандықтан, біз кез келген оқиғаға сақадай сай болуымыз қажет. Оқу жаттығуда қысқы уақытта орын алатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғау құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру және жетілдіру мақсатында №31 мектеп-гимназиясының жылу қазандығындағы өрт оқиғасы тақырыбында практикалық кезең өткізілді, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Назарқұлов.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару ор­гандары мен күштері қыс мезгіліндегі төтенше жағдай­лардың алдын алуға және жоюға дайын. Оқу-жаттығуға 50 техника, 134 қызметкер жұмылдырылды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: