Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 18:31

Оқушылары озат орта мектеп

11.05.2023

1356

0

Аудан орталығындағы №246 орта мектепте тәуелсіз мемлекеттің жарқын болашағына қажырлы еңбек еткен түлектер білім алғанын жақсы білеміз. Бүгінде іргелі оқу орнының бәсекеге қабіетті ұрпақ қалыптастыруда өзіндік орны бар. Мектеп ұжымы мемлекет тарапынан салаған көрстетілген қолдаудың арқасында шабытпен жұмыс жасайтынын айтады.

Биыл білім ордасы жаң оқу жылын 379 оқушымен бастаған. Оның ішінде 34 бала мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. Білім ошағының басшысы Айнұр Айбосынова 19 бала мектеп бі­ті­ретінін айтады. Әзірге барлығы да ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниетті. ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қыр­күйек айында басталған. Сол уақыт­тан бері балалардан айына 4 мәрте тест алынып тұрады.
– Әзірге көрсеткіш жаман емес. Оқушылардың барлығы ҰБТ-ға қаты­суға талаптанып отыр. Көбісі жара­ты­лыстану бағытындағы пәндерді таң­даған. Әзірге орташа балл – 73, ал ең жоғарысы 123 балл. Бұл да біз үшін жақсы көрсеткіш емес, сондықтан ал­дағы уақытта дайындық жұмыстарын күшей­теміз, – дейді мектеп директоры.
Айта кетейік, былтыр аталған білім ошағын 17 бала тәмамдаған. 100 пайыз ҰБТ-ға қатысып, оның сегізі мем­лекеттік грантқа үміткер есе­бінде құ­жат дайындапты. Нәтижесін сұра­саңыз, 8 баланың жетеуі жоғары оқу орындарында мемлекеттік грантпен білім алуға қол жеткізсе, 1 бала облыс әкімінің грантына ие болған. Бүгінде мем­лекеттік грантпене білім алып жатқан жеті баланың үшеуі техникалық, біреуі ауыл шаруашылығы саласы бойынша мамандық игерсе, қалғаны педа­гогикалық бағытта білім алуда.


Мектеп оқушыларының пәндік олим­пиа­даларға қатысу қарқыны да жа­ман емес, осыған дейін мектепішілік олим­пиадаларға 58 бала қатысқан. Айнұр Шыңғысқызы олардың 25-і аудандық ке­зеңге жолдама алғанын айтады. Тіпті оның 8-і жүлделі орындардан бой көрсеткен.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба­ларының «Зерде» республикалық кон­курсына мектеп оқушысы Айсұл­тан Қуанышбекұлы қатысыпты. Ау­дан­дық кезеңде оқ бойы озық келген ізденмпаз оқушы бас бәйгені қанжы­ғалаған. Ал облыстық кезеңде үздік үш­тіктен табылған Айсұлтанның же­тек­шісі Самал Еспанова шәкіртінің бола­ша­ғынан үлкен үміт күтеді.
Мұнан бөлек «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерек­ше дизайн жобасы» номинациясы бойын­ша Әнуар Көшербай облыстан III орын иеленді. Жетекшісі А.Қанатбаева ал­­дағы білім додаларында мұнан да жоғары нәтижеге қол жеткізетінін айтады.
– Жалпы, мұндай білім додаларында топ жарып жүрген оқушыларымыз же­тер­лік. 5-9 сынып оқушылары ара­сында «Сыр өңірінің флорасы мен фау­насы және экологиясы» ғылыми жоба конкурсына Мақпал Ғалымбек­қызы қатысқан еді. аудандық кезеңде қар­сы­лас шақ келтірмеген шәкіртіміз облыстан III орын иеленді. Ал 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» атты республикалық олим­пиа­даның аудандық кезеңінде 10 сынып оқушысы Мардан Ортай I орын иеленіп, облыстан сертификат алды. Жетекшісі – қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Қуаныш­бекұлы Рахат. «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығының көрме байқауына «Ағаштан, тастан, саздан, (қыш, саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Алдажаров Тамер­лан облыстан I орын иеленіп, респуб­ликалық кезеңге қатысып жатыр, қорытындысы 15 мамырда белгілі бо­лады. Жетекшісі – технология пәні мұғалімі Сейтжанов Ғалымжан. Ал «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Айзере Мұхамеджан облыстан II орын иеленді, – дейді мектеп директоры А.Шыңғысқызы.
Мектеп оқушылары пәндік олимпиа­далардан бөлек ғылыми жобаларда да түрлі тақырыпта жұмыс жасап, жүлделі орындардан бой көрсетіп жүр. Мәселен, «Сыр жұрты» атты танымдық-пассионарлық жоба аясында «1925-1929 жылдары Қазақ АКСР атқару комитетінде жұмыс жасаған зиялы қауым өкілдері» тақырыбында мектеп оқушы­лары арасында өткен ғылыми жоба конкурсына 11 сынып оқушысы Әбдіразақ Зарина қатысып, облыстан II орын иеленген. Ал «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жа­сақ­тары республикалық слетінің «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениеті бағыты бойынша Балжан Бекасылқызы ауданнан бірінші орын иеленіп, облысқа жолдама алған.
Мектеп оқушылары салауатты өмір салтын ұстанып, спорт саласында да бірқатар жетістікке қол жеткізген. Бүгінде бұл салада тек мектептің ғана емес, ауданның, қалаберді аймақтың, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген оқушылар білім алуда. Мәселен, мектеп оқушысы Альбина Смайл биыл самбодан ҚР чемпионатында 47 келі салмақ дәрежесінде 3 орын иеленсе, Кәусар Алматқызы белбеу күресінен ҚР чемпионатында 45 кг салмақ дәрежесінде 2 орынды жеңіп алған.
Назым Қанибай да биыл 2010 жылы туған жасөспірім қыздар арасында өткен қол добынан ҚР чемпионатында 3 орынға ие болса, волейболдан ҚР чемпионатында 1 орыннан көрінді. Бұ­ған дейін де жеңіс тұғырынан табыл­ған Нұрай Мейрамбекқызы биыл Таек­вондодан ересектер арасындағы облыс біріншілігінде 2 орын иеленді. Жүлделі орындардан бой көрсетіп жүрген оқу­шылар сапында Нұрай Тахир мен Мардан Ортай да бар. Мәселен, осыған дейін белбеу күресінен Нұрай Тахир ҚР чемпио­натының қола жүлдегері болса, Мардан Ортай шахматтан облыстық, ау­дандық кезеңдерде бас жүлдені берген жоқ.
2022-2023 оқу жылында білім оша­ғында Болат Өтемұратов қоры атынан құрылған «Жас лидер Академиясы» жұмыс жасайды. Бүгінде «Көш­бас­шылық» факультативтік сабақ­та­ры, жо­балар, тренингтер өткізіліп жатыр.
Жалпы, жазар болсақ, мектеп ұжы­мының, ондағы шәкірттердің жетіс­тігін бір мақаламен тауысу қиын. Бастысы, атқарылған жұмыс нәтижесін беріп жатыр. Бастауыш сынып оқушылары то­лықтай ыстық тамақпен тақматасыз етілген. Кабинеттер қажетті құрал-жаб­дықтармен жарақталған. Мектепте білім сапасын жақсартуда бірқатар жоба қолға алыныпты. Алда ұстаздар мен шәкірттер үшін бір белес бар, ол – ҰБТ. Ұстаздар шәкірттеріне сенім артады, ал оқушылар жоғары балл жинайтынына сенеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: