Бүгін «AMANAT» Жалағаш аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп-беру жиналыстары басталды. «Мәдени мұра», «Шәменов ауылдық округі», «Қаракеткен ауылдық округі» бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстар өткізілді. Аталған жиналыстарға партия филиалының Саяси кеңес және аудандық мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша бастауыш партия ұйымының төрағалары партия ұйымдарының 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары, бастауыш партия ұйымына нысаналы трансферт есебінен партиялық жобалар аясында атқарылған жұмыстар, жаңадан мүшелікке тарту бойынша хабарлама жасады.
Бүгінгі бастауыш партия ұйымдарында өткен жиналыстың күн тәртібіндегі төраға сайлау мәселесі бойынша «Шәменов ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Байжанов Жантас Нағыметұлы, «Қаракеткен ауылдық округі» бойынша Жүсіпова Мира Тыныбекқызы, «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымында Дүйсенбиева Бибіәсия Аманжолқызы сайланды. Сонымен қатар, жаңадан қабылданған партия мүшелеріне салтанатты түрде партиялық құжаттары табысталды.
Байжанов Жантас Нағыметұлы – білім саласының үздігі, партия белсендісі. Партия филиалы жанындағы Саяси кеңес Бюросының мүшесі. Сонымен қатар, партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің мүшесі болды.
Дүйсенбиева Бибіәсия Аманжолқызы – мәдениет саласының үздігі. Партиялық жобалардың міндет-мақсаттары аясында әлеуметтік, экономикалық тағы да басқа түрлі маңызды іс-шаралар атқаруда белсенді партия мүшесі.
Жүсіпова Мирамкүл Тыныбекқызы – партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелсінің иегері. Білім саласында ғана емес қоғамдық жұмыстарда өз белсенділігімен жоғары белестерді бағындырып жүрген партия мүшесі.
Жалағаш аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі Ахан Кенжебаев бастауыш партия ұйымдарында өткен жиналыстарда партияның қолға алған іргелі жобалары мен бағдарламаларын партиялық-ұйымдастырушылық және ақпараттық бағытта насихаттау жұмыстарымен бөлісті. Сонымен бірге, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар аясында айтып өтті.
Жалағаш аудандық мәслихатағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Ахетов Қуат «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасындағы атқарылған және алда қолға жобалар аясында айтып өтті.
Бастауыш партия ұйымында өткен жиналыстардың күн тәртібіне қойылған мәселелер толығымен қаралып, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезекті XХХVІІ (37) конференциясына делегаттар сайланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!