Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Сенбі, 07 ақпан, 06:55

Партиялық бақылау комиссиясының 2026 жылдың алғашқы отырысы өтті

29.01.2026

11

0

Партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысындағы мәселелер.

Күн тәртібінде:

1.Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы;

2.«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы «Өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы» тармағының орындалуы туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімінің басшысы Бөлембаев Қанат толықтай баяндап берді.

Баяндама бойынша «инва такси» қызметінің мәселелері талқыланды.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы «Өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы» тармағының орындалуы туралы, Жалағаш ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлiмiнің басшысы Жаппасбаев Қайрат баяндап берді.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Досымов Қайрат Алмасұлы отырыста көтерілген сұрақтардың толықтай шешілуін қамтамасыз етіп, қадағалауға алуды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: