Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 наурыз, 17:59

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

09.06.2022

553

0

Бүгін партияның Жалағаш аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Аталған комиссия отырысының күн тәртібіне «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жол картасындағы 2022 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы бойынша Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі мен аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мекемелерде жұмыспен қамтудың 2-4% сақтау көрсеткіштері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды.
Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың аудандық жол картасында мәдениет саласы бойынша «тарих пен мәдениетті дамыту» бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргенов, Ілияс Қабылов, Исатай Әбдікәрімов, Мардан Байділдаевтардың еңбектерін насихаттау мақсатында «Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлғалар» атты тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, кітапханаға келушілер назарына ұсынылуда.
Өлкеміздің көрікті жерлері мен бірқатар тарих және мәдениет ескерткіштерімен таныстыру, әр ғасырларда аудан өңірінде өмір сүрген тарихи тұлғалардың өмірі мен ерлік жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге, рухтарына тағзым ету мақсатында деректі фильмдер топтамасын шығару бағытында «Сыр тұнған Жалағаш» жобасы 2021 жылдан бастап іске асырылуда. Жоба аясында республикалық маңызы бар Жент ескерткіші туралы «Жент» деректі материалдар топтамалары түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.
Бұл жоба биылғы жылы өз жалғасын табуда. Қазіргі уақытта Бұқарбай батырдың 210 жылдығы аясында қысқа метражды деректі фильм әзірленуде. Негізгі түсірілім аяқталды, қазіргі уақытта монтаждау, сұхбаттарды топтастыру жұмыстары жүріп жатыр.
Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы бойынша жылдық жоспарға сәйкес қазан-қараша айларында мемлекет және қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімов, Темірбек Жүргенов, Әлияс Қабылов туралы бейнематериалдар топтамасы жарияланатын болады – аудандық мәдениет жіне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Доспанов.
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарына 937 мүгедек тіркелген, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-202.
2022 жылдың 1 қаңтарына жұмыс іздеуші ретінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарынан 45 адам тіркелді, оның 21-і тұрақты жұмысқа орналасқан, 6-уы мемлекеттік грант алған, 25-і қоғамдық жұмысқа тартылды, 1-уі жастар тәжірибесіне жіберілді, 1-уі әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген, 2-уі кәсіптік оқу, қайта даярлауға жіберілген, 2-уі кәсіпкерлік негізде оқыған.
Хабарласқандардың ішінен кенттен 20 адам, ауылдық округтерден 25 адам. Білімі бойынша 6-уы жоғары, 9-ы арнаулы орта , орта білімді-30 адам. Олардың 10-ы әйелдер, 35-і ерлер, оның ішінде жастары-14 адам немесе 31 % пайызын құрайды.
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығына сәйкес квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға
1) 50-100 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде,
2) 101- 250 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде,
3) 251 артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленеді.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығына сәйкес Жалағаш ауданы әкімдігінің «2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2021 жылдың 14 қаңтарында №5 қаулысымен бекітілген.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша комиссия мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта комиссия мүшелері тарапынан түскен ұсыныстар партия назарында болмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: