Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 21:34

«PlayStation» ойын клубтарының жұмысын тоқтатпаған кәсіпкерлерге қандай шара бар?

09.02.2024

550

0

«Қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ҚР аумағында Sony Interactive Entertainment Europe, Ltd (SIEE) компаниясының мүдделерін және зияткерлік меншік объектілерін – Sony тауар белгілері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, яғни ойын приставкаларын, оларға керек-жарақтарды, бейне ойындарды пайдалану құқығын қорғайды.

Осыған орай, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлік палатасына жоғарыда аталған компания президенті Виктор Лосевтің «PlayStation» ойын клубтарының иелеріне авторлық құқықты бұзуға жол берілмеуін түсіндіру қажеттілігі туралы өтініші келіп түскен. 

SIEE өзінің бейне ойындарын тек жеке пайдалану үшін шығарып, сатады және консольдерде орнатылған бейне ойындар мен бағдарламалық жасақтаманы тек жеке пайдалану үшін лицензиялайды. Авторлық құқық иесі өзінің бағдарламалық жасақтамасын коммерциялық бағытта пайдалануға тікелей тыйым салған. Бұл тыйымдар консольдердің қаптамаларында және әр ойын дискісінде және барлық қоғамдық келісімдерде көрсетілген. Осы келісімдер арқылы пайдаланушы ойын консольдері мен бейне ойындарын коммерциялық мақсатта пайдаланбауға келісім мен міндеттеме береді.

Жоғарыда аталған мәліметтерге сәйкес, барлық бейне ойындарды ақылы түрде ұсынатын «PlayStation» ойын клубтарының қызметі заңсыз болып табылуына орай, үстіміздегі жылдың 1 наурызына дейін өз қызметін заңды бағытқа бұруын сұраймыз. 1 наурыздан бастап SIEE өнімдерін коммерциялық бағытта қолданған кәсіпкерлерге авторлық құқықты бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 198-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз, – делінген кәсіпкерлік палатасының таратқан хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: