Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Дүйсенбі, 24 маусым, 17:48

Полиция елімізде іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады

13.01.2024

274

0

 Жыл басынан бері ІІМ жедел қызметкерлері мен олардың бөлімдері іздеуде жүрген 58 адамды ұстады. Бұл туралы  Polisia.kz сайты хабарлайды. 
қылмыскер

ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың сөзінше, Ақтау полициясы жергілікті тұрғынды ұстаған. Ол былтыр қараша айында мас күйінде кафелердің бірінде орын алған жанжал барысында қала тұрғынын ұрып-соққан. Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған.

Ал Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кірген. Кейін оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен.

Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемденген ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады.

Қаскөй тағы екі басқа ЖШС басшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: