Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Жұма, 19 сәуiр, 22:03

Қамшыбек Қоңқабаев Азия Чемпионатының финалында өзбекстандық боксшыға есе жіберді

13.11.2022

234

0

Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында финалдық жекпе-жекте жеңілді.

2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада 92 келіден жоғары салмақта қола жүлдегер атанған Қоңқабаев өзбекстандық Ләзизбек Мулложоновпен кездесті. Жекпе-жек 5:0 есебімен төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс өзбекстандық спортшыға берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) және Айбек Оралбай (92 келіге дейін) алтын алса, Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Сабырхан Махмұд (54 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) және Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін) күміске қанағат еткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: