Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сенбі, 20 тамыз, 11:53

Қаңтар оқиғасы бойынша 545 адам сотталды

18.07.2022

161

0

 Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасын тергеу ісі бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Барлығы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 479 қылмыстық іс жолданып, 545 адам сотталды. Билік өкілдеріне қатысты күш қолданған, мүліктерді зақымдауға байланысты ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ залалды өтелмеген және өтелмеген соттылығы бар 83 сотталушы нақты бас бостандығынан айыру жазасын алды», – деді ол брифингте.

Айтуынша, қазір сегіз өңірде 30 мыңнан астам тергеу әрекеті жүргізілуде. 4 мыңнан аса сот сараптамасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта 349 күдікті қамауда отыр. Олардың қиратуға, ғимараттарды өртеуге, қару жымқыруға, мемлекеттік нысандарға және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді түрде қатысқаны анықталды. Әрбір қамауға алынған адамның осы қылмыстарға қатысы барын растайтын мәліметтер жеткілікті, деді Қилымжанов.

Қазіргі таңда арнайы прокурорлардың өндірісінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 қылмыстық іс, терроризм актісі бойынша 32 қылмыстық іс жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: