Қазгидромет 10-12 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше апта басында Солтүстік циклон жырасы әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: қар жауып, боран соғады, батыста күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.
«Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
түнде батыста 0-8 аязға дейін,
солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 аязға дейін,
орталықта 10-18 аязға дейін,
шығыста, оңтүстік шығыста 7-20 аязға дейін,
оңтүстік облыстарда 5-13 аязға дейін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!