Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 08:51

Қарқынды қолдау
салаға серпін береді

01.09.2022

379

0

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында білім саласына кеңінен тоқталды. Себебі біздің келешегіміз өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне тікелей тәуелді. «Білім – болашаққа салынған инвестиция» деп бекер айтылмаған. Сондықтан Жолдауда сапалы білім беруге бет бұратын кезеңнің келгенін, соған сәйкес нақты жаңа жобаларды тиянақты жүзеге асыру жайына ерекше тоқталып, тиісті тапсырмалар берді.

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мек­тепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апат­ты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мек­теп мә­се­лесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мек­теп­терінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек» деді Президент.
Айта кетейік, бұл мәселе біздің аймағымызда жуыр­да жүзеге аспақ. Қызылорда облысының 2023-2025 жылдарға арналып бекітілген жоспарына сай 20 мем­­лекеттік, 12 жеке мектеп салу жоспарлануда. Бұл дегеніңіз біздің өңір Президент берген тапсырманы бағ­дарға алғанын білдіреді. Олай болса, жаңа Қазақ­стандағы жаңа Жолдау табыстарға бастайтынына сенімдімін.

Ермұрат Каналхан,
№202 орта мектептің
тарих пәні мұғалімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: