Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұратын гуманитарлық көмек тақау күндері әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.
Сонымен қоса Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберілмек.
Қазақстан 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!