Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жексенбі, 07 шiлде, 04:47

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында контрабандашылар туннелі анықталды

03.07.2024

103

0

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандашыларға тиесілі ұзындығы 310 метр жерасты туннелін анықтады деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі Qrnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Шекара қызметі және «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан арқылы Үндістаннан Өзбекстанға сапасы кепілденбеген дәрілік заттарды заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Дели-Ташкент-Алматы рейсі бойынша дәрі-дәрмек партиясы жеткізіліп, одан кейін туннель арқылы Қазақстанның Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкент облысының Ташкент ауданына жеткізілгені атап өтілді.

Тәртіп сақшылары қылмыстық топ мүшелерінен айғақ ретінде Үндістанда өндірілген Альбумин, Ремдесивир, Меропенем сияқты 107 атаудағы 17 048 препарат тәркіледі.

Ұзындығы 310 метр туннелде контрабандашылар жүкті арбамен тасыған.

Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: