Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Сенбі, 01 қазан, 22:20

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау басталады

11.09.2022

36

0

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында тұмауға қарсы екпе науқаны қашан басталатынын айтты.

Ол 1 қазаннан бастап елде тұмауға қарсы вакцина егу басталғанын еске салды.

Жыл сайын эпидемиялық маусым басталғанға дейін біз егуді бастаймыз. Өйткені тұмау жұқтыру басталғанға дейін адамдарда иммунитет қалыптасуы керек, деді Айжан Есмағамбетова.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, республика ЖРВИ және тұмаудың эпидемиологиялық маусымының басталуына жақын, сондықтан алдын алу жұмыстары алдын ала жүргізіліп жатыр.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бюджеттен тұмауға қарсы 2,3 миллион доза вакцина сатып алынған. 20-25 қыркүйекке дейін облысқа байланысты жеткізу аяқталып, 1 қазанда халықты екпе егу науқаны басталады.

Бюджет қаражаты есебінен мыналар егіледі:

  • жиі ауыратын балалар;
  • диспансерлік есепте тұрған балалар;
  • жабық медициналық-әлеуметтік мекемелерде жатқан 60 жастан асқан адамдар;
  • жүкті әйелдер.

Біз жұмыс берушілермен жұмыс істеп жатырмыз, олар өз қаражаты есебінен жұмысшыларына екпе салдырсын, себебі еңбекке жарамсыздық парағын төлегенше ауырмаған дұрыс. Сонымен қатар тұрғындар өз қаражатына екпе егетін болады. Орташа алғанда, жыл сайынғы баға көп өзгерген жоқ. Былтыр 3000 теңге шамасында болса, биыл жеке секторда бұл вакцина қанша тұратынын білмейміз, деді Айжан Есмағамбетова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: