Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:25

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылмақ

11.10.2023

256

0

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

«Халықаралық практикада букмекерлік кеңселердің жарнамасы тікелей спорт шаралары өтетін ғимаратта, спорт киім-кешегі мен жабдығында, спорттық телеарналарда және сол кеңселерде көрсетіледі. Біз де осы халықаралық тәжірибеге сүйеніп, осындай ұсыныс енгізіп отырмыз. Депутаттардан да осындай ұсыныс түсті», – деді Дүйсенова мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Вице-премьер тиісті түзетулер парламент қарауына енгізілетінін атап өтті.

Дүйсенованың айтуынша, қазір бұл бастама бизнеспен және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: