Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді атуға рұқсат берілген аймақтарды атады, деп хабарлайды Kazinform.
«Киіктердің популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздемеге сәйкес БҚО, Ақмола, Қостанай және Бетпақдала популяциясы үшін Қарағанды облысының аумағында киіктерді атуға рұқсат берілді», – делінген аталған министрліктің Kazinform агенттігі жолдаған сауалының жауабында.
Сондай-ақ ведомство қай жастағы киіктерді атуға болатынын түсіндірді.
«Биологиялық негіздемеге сәйкес, Орал және Бетпақдала популяциялары үшін 2023 жылға киіктерді ату 15%-дан аспауы керек. Оның ішінде ересек аналықтары 50%-дан аспауы тиіс, жас төлдерді ату (екі жыныс бойынша да) бойынша 35%-дан артық рұқсат берілмейді», – дейді Экология министрлігінен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!