Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 09:41

Қазақстанда күріш бағасы қалай өзгерді?

23.01.2024

450

0

Егіс алқаптары мен күріш өндірісінің төмендеуі импорт пен бағаның өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жазды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі күрішті көтерме сату нарығына талдау жүргізді. Елімізде күріш өндіретін негізгі 20-дан астам өндіруші Қызылорда облысында орналасқан.

Талдау барысында меншікті өндірістің төмендеуі және импорт үлесінің жылдар бойынша динамикада 4-тен 12%-ға дейін ұлғайғаны байқалған.

Судың жетіспеушілігі әрі шығындардың өсуі салдарынан егіс алқаптарының азайғаны анықталып отыр.

Бұл ішкі баға өсімінің жоғары динамикасының басты себебі болды. Егер 2022 жылы күріш бағасының өсуі 36%-ды құраса, 2023 жылы – 39%-ды құрады, бұл өткен жылы 3,4%-ды құраған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуінің жалпы деңгейінен айтарлықтай асып түседі.

Монополияға қарсы ден қою шаралары күнтізбелік жыл ішінде баға өсу динамикасының төмендеуін қамтамасыз етті. Баға бойынша сөз байласу негізінде 6 күріш өндіруші 68,7 млн ​​теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дегенмен, өндіріс көлемінің төмендеуі мен күріш бағасының көтерілуінің түпкі себептері сақталуда. Бұл суармалы судың жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығы техникасы, тыңайтқыштар мен сырттан әкелінетін қаптама бағасының көтерілуі, субсидиялардың уақытылы берілмеуі.

Осыған орай, монополияға қарсы орган Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялар бөлу кезінде күрішті басым дақылдар тізіміне енгізу, оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз етуді жоспарлауды ұйымдастыру, күріш өндірушілеріне жеңілдетілген несиелендіру үлесін арттыру, күрішті бөлшек сауда желілерімен тікелей сатып алу және тыңайтқыштар мен қаптама материалдарының отандық өндірісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: