Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:39

Қазақстанда наурызға пойыз билеттері алдын ала сатылмайды

22.01.2024

293

0

Қаңтарда қазақстандықтар наурызға пойыз билеттерін алдын ала сатып ала алмайды. Наурыздағы билеттер тек ақпанның басында сатыла бастайды, – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта биылға жоспарланған темір жолдарды жөндеудің ауқымын ескере отырып, пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету жүргізіліп жатыр. Наурызда теміржол билеттерін сату биылғы ақпанның басында ашылады», – делінген хабарламада.

Қаңтар және ақпанда жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады. 2024 жылы шамамен 1400 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: