Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Жексенбі, 06 шiлде, 00:48

Қазақстанда телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

18.11.2024

324

0

Бейсенбі, 21 қарашада телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

21 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: