Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сәрсенбі, 19 наурыз, 09:08

Қазақстанда темекі қымбаттайды

27.05.2024

580

0

Қазақстанда сүзгісі бар, сүзгісі жоқ сигареттерге, папиростарға белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2024 жылдың соңына дейін сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 сигаретке, папиросқа, сигариллаға және электронды темекілерге ең төменгі сауда бағасын 820 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылды. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бағаны 870 теңгеге дейін белгілеу көзделеді.

Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады. 

фото: inbusiness.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: