Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Жұма, 29 наурыз, 16:23

Қазақстанда жоғары жалақыны кімдер алады?

03.10.2022

281

0

OLX.kz сервисінің сарапшылары 2022 жылдың тоғыз айындағы қазақстандық еңбек нарығына баға берді, – деп хабарлайды mgorod.kz.

Нарықтағы жоғары ақы төленетін мамандықтар – тіс дәрігері (орташа ұсынылатын жалақысы 1 миллион теңге) және жүк көлігінің жүргізушісі (930 мың теңге).

«Жүргізуші» мамандығы жұмыс берушілер арасында да, жұмыс іздеушілер арасында да сұранысқа ие. Оның Қазақстандағы орташа жалақысы – 175 мың теңге. Сондай-ақ, алғашқы үштікте – жүк тиеуші мен шеберлер.

Сарапшылар жұмыс берушінің басым көпшілігі үшін жұмыс тәжірибесі маңызды емес екенін анықтады. Жұмыс берушілердің 77 пайызы толық жұмыс күнін, 57 пайызы жартылай толық жұмыс күнін, 20 пайызы толық емес жұмыс күнін іздейді. Жұмыс берушілердің 19 пайызы ауысымдық және 23 пайызы икемді жұмыс кестесін ұсынуға дайын. Жұмыс берушілердің тек 2 пайызы жобалық немесе уақытша жұмыс ұсынады.

Бір қызығы, жұмыс берушілердің 1 пайыздан да азы қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады. Былтыр бұл көрсеткіш 3 пайыз болған. Ал жұмыс іздеушілердің 12 пайызы қашықтан жұмыс іздейді.

massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: