Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:08

Қазақстанда жұмыртқа өндірісі 8%-ға қысқарды

08.02.2021

734

0

Қазақстанда жұмыртқа өндірісі 8%-ға қысқарды. 2021 жылғы қаңтарда ел қалаларының базарлары мен дүкендерінде 10 жұмыртқаның құны 396 теңгені құрады.

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 30,4%-ға артық. ҚР ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде жұмыртқалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау тұрғындары үшін ең қымбат, ал Тараз тұрғындары үшін ең арзан болып отыр.

Хабар24 телеарнасы хабарлағандай, Қазақстан құс өсірушілер одағы президентінің мәліметтеріне сәйкес, құс тұмауының таралуына байланысты өндірістің құлдырауы және саладағы бағаның өсуі байқалады. Одақ басшысының пікірінше, бағаның өсуі үшін делдалдар жауап береді, соның салдарынан 30%-дан 50%-ға дейін өсіп жатыр.

Құс өсірушілердің өздері де отандық асыл тұқымды базаның тапшылығына тап болып отыр. Елге әкелінген тауықтар жыл сайын фермерлерге қымбатқа түсуде. Көптеген кәсіпорынға өндірісті кеңейтуге ғана емес, жарты жылдың ішінде төрттен бір есеге қымбаттаған жем-шөп сатып алуға да айналым қаражаты жетпейді, деп мәлімдейді Қазақстан құс өсірушілер одағы. 2020 жылы елімізде 5 млрд. жұмыртқа өндірілді.

Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,4% -ға аз. Өңірлер арасында өндіріс бойынша Алматы (994,8 млн дана, бір жыл ішінде 5,8%-ға азайған), Ақмола (804,4 млн дана, бір жыл ішінде 6,5%-ға азайған) және Қарағанды (664,3 млн дана, бір жыл ішінде 11,2%-ға азайған) облыстары көш бастап тұр.

Жұмыртқаға сұранысты (экспорт пен ішкі нарықта сатуды) он бір айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар 96,6%-ға қамтамасыз еткен. Бұл ретте экспорттың үлесі қолда бар ресурстардың тек 4,2% құрады, ал бір жыл бұрын 30,4% болған еді. Тек 204,9 миллион жұмыртқа сыртқы нарыққа жіберілді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 есе аз. Бір жылдан аз уақыт ішінде ішкі нарықта 4,7 миллиард жұмыртқа сатылды, жылдық өсім қарқыны 25,7%-ды құрады. Он бір айда елдің әр тұрғынына орташа есеппен 247,2 жұмыртқадан келеді. Орташа алғанда әрбір қазақстандық үш күнде екі жұмыртқадан жейді, яғни күніне бір жұмыртқадан аз жейді.

Қазақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: