Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 10:26

Қазақстанда жұмыс берушілер қай сала мамандарына жоғары жалақы ұсынады

12.02.2024

427

0

Қаңтар айында электронды еңбек биржасында ұсыныс екі есе жоғары болды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қаңтар айында электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын ұсынса, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме тастаған. Өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда бос орындар саны 22,3 мыңға азайды, ал түйіндеме саны 132 мың бірлікке өсті.

Еңбек етуге ең көп өтініш жазғандар оңтүстік өңірдің халқы: Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы.

«Қаңтар айында жоғары білікті мамандарға сұраныс 45 %-ке өскен. Жұмыс берушілер тарапынан орташа білікті мамандарға деген сұраныс өткен жылдың желтоқсанына қарағанда 4 %-ке төмендеді. Ал біліктілігі жоқ мамандарға сұраныс 58%-ке төмендеген», – дейді «ЕРДО» АҚ стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің басқарма басшысы Камилла Манақова.

Жалақының ең жоғары мөлшерін көбіне өз түйіндемелерінде «үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман» (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), «бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі басшы» (1,2 млн теңгеден бастап), сондай-ақ «өндірістік операциялар жөніндегі инженер» (1,2 млн теңгеден бастап) мамандықтары бойынша жұмыс іздеушілер сұраған.

Ең көп жалақыны жұмыс берушілер өндірістегі база бастықтарына (900 мың теңгеден бастап), жобалаушы инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден бастап) ұсынды.

Жалпы қаңтар айында электрондық еңбек биржасында біліктілігі жоқ жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және «білім және тәрбие» және «медицина және фармацевтика» кәсіптік салаларындағы мамандарға жоғары сұраныс байқалды.

https://sputnik.kz/

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: