Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сенбі, 13 сәуiр, 23:48

Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алды?

28.01.2024

198

0

Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің берген жауабында ақпарат шындыққа сәйкес келсе немесе жемқорлықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге көмектессе, сыйақы берілетіні айтылған.

Былтыр 62 адамға жалпы сомасы 19,8 миллион теңге сыйақы берілнен. Сыйақының ең жоғары сомасы – 4 миллион теңге.

Агенттіктің мәліметінше, 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе оларға теңестірілген, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын 505 адам сотталған.

Шенеуніктер көбінесе мына фактілер бойынша істі болған:

пара алу – 178 факті;
пара беру – 42 факті;
парақорлыққа делдал болу – 14 факті;
ұрлық – 187 факті;
алаяқтық – 139 факті;
сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жымқыру – 48 факті;
өкілетін асыра пайдалану – 49 факті.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленген шенеуніктердің жартысына жуығы әртүрлі деңгейдегі басшы екені белгілі болды. 2023 жылы сыбайлас жемқорлық бойынша екі экс-министр, үш бұрынғы вице-министр, ауыл, аудан, қала облыстың 16 әкімі мен олардың орынбасарлары, 212 жоғары лауазымды шенеунік сотталды.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: