Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 01:52

Қазақстандықтардың тууынан өліміне дейін тіркеу ақылы болмақ

23.04.2023

331

0

Бұдан былай елімізде баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке болуды (ана болуды) белгілеуге, баланы асырап алуға, атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу ақылы болмақ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлері орындайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын НҚА сайтына жариялады.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін, – делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде 8 433,89 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде 9 667,42 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде 9 775,39 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), өлімді мемлекеттік тіркеу кезінде 8 833,58 теңге (ҚҚС-пен есептегенде) көлемінде баж салығы төленеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: