Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сәрсенбі, 17 сәуiр, 04:56

Қазақстанның автожолдарында мобильді интернет болады

25.04.2023

303

0

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жолдарды интернетпен қамту туралы айтты, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі Sputnik Қазақстан сілтеме жасап.

«Біз 487 антенна тіректерінің құрылысын орнатуды көздеп отырмыз. Нәтижесінде 17 000 км автожол мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі», – деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстың жаңа буыны 5G енгізіледі.

2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы 5G-мен қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% құрайды.

«5G интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді Мусин.

Сонымен қатар қалалардағы 170 мыңнан астам үй шаруашылығын жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосу жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: