Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Дүйсенбі, 11 қараша, 11:35

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

08.12.2023

513

0

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Денсаулық сақтау басқармасының және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің бюджет қаражатын жоспарлау және игеру, медициналық қызметтер көрсету және мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде анықталған бірқатар жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Қызылорда облысының Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралды.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Е.Бәкіров, Қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен салалық басқармалардың басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков жүргізілген сыртқы талдаудың қорытындылары туралы баяндама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелерін медициналық жабдықтарды сатып алуды жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, денсаулық сақтау мекемелерінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын игеру кезінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабардар етті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою және алдын алу мақсатында Департаментпен 12 ұсыным әзірленіп уәкілетті органдарға жолданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: