Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сейсенбі, 23 сәуiр, 12:48

Қоғамдық қабылдау

11.07.2022

736

0

Бүгін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Дәрібаев Алтынбек Тұрмағанбетұлы «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдау өткізді.


Қабылдауға келген азаматтар жұмыссыздық мәселесін көтерді. Қабылдауда болған тұрғындардың өтінішімен мұқият танысқан Алтынбек Тұрмағанбетұлы мәселелердің оң шешілуіне қарай басымдық берді. Яғни, жоғарғы оқу орнын жаңадан аяқтаған мамандарға жастар практикасымен жұмыс жасауға ұсыныс берілсе, ал қалған азаматтарға қоғамдық негізде жұмыс жасауға ұсыныс берілді.

Қабылдауға Жалағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Қуанышкүл Көшербаева, Жалағаш ауданы білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Сығайбаев Мейрамбек қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: