Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 21:27

Қоймаларда көмір қоры жеткілікті

12.09.2023

380

0

Өткен аптада Жалағаш ауданы тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Асқарбек Есжанов бірқатар қоймаларды аралады.

Қазіргі таңда аудан орталығындағы «Әжібеков» ЖК-ның көмір қоймасына 10 вагон, яғни 700 тонна шұбаркөл және 2 вагон, яғни 140 тонна қаражыра қатты отыны жеткізілді. Одан бөлек автокөлікпен 920 тонна шұбаркөл көмірі келген. Бүгінге дейін «Әжібеков» ЖК-ның көмір қоймасына 870 тонна көмір қоры бар. Шұбаркөл көмірінің тоннасы 22 000 теңгеден, қаражыра көмірінің тоннасы 21 000 теңгеден сатылуда.
Сондай-ақ «Қырмызы» ЖК-ның көмір қоймасына 18 камаз, яғни 710 тонна шұбаркөл көмірі жеткізілген. Бүгінгі күнге дейін қоймада 310 тонна көмір қоры бар. Көмірдің тоннасы 22 500 теңгеден сатылуда.
Алдағы уақытта да тұрақты түрде қатты отын қойма­ларға жеткізіліп тұрады. Аудан тұрғындарын көмір­мен қамтамасыз ету мәселесі аудан басшысының бақылауында.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: