Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ҚР жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі–2025 версиясы бойынша ҚР ҮЗДІК-20 ЖОО қатарында.
2025 жылғы 2 мамырда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізетін ҚР жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2025 қорытындысы жарияланды. 2025 жылы бағаланған білім беру бағдарламаларының саны 1650-ге жетті. Рейтинг Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары қатарына кірген ҚР ҮЗДІК-20 ЖОО анықтады. Рейтингке көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындары, сондай-ақ өнер жоғары оқу орындары қатысты. Рейтинг қорытындысы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 63700 баллмен 7-орынға ие болды. Біздің университет көп жылдан бері Қазақстанның үздік ЖОО-ның ондығына кіреді. Ұжым мен білім алушыларды аталған жетістікпен құттықтаймыз.
Университеттің 29 білім беру бағдарламасы үздік үштік қатарында:
БАКАЛАВРИАТ
1. 6B01404 – Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау – 3 орын
2. 6B01407 – Музыкалық білім – 2 орын
3. 6B02128 – Дәстүрлі музыка өнері – 1 орын
4. 6B02130 – Хореография – 3 орын
5. 6В02234 – Археология және этнология – 3 орын
6. 6В07261 – Мұнай газ ісі – 2 орын
7. 6B11401 – Әлеуметтік жұмыс – 2 орын
8. 6В07263 – Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау – 3 орын
9. 6В07365 – Құрылыс – 2 орын
10. 6В08171 – Агрономия – 3 орын
11. 6В08674 – Су ресурстары және суды пайдалану – 2 орын
12. 6В11279 – Өміртіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау – 3 орын
13. 6В07366 – Құрылыс материалдарын,бұйымдарын және конструкцияларын өндіру – 3 орын
14. 6В07367 – Инженерлік жүйелер мен желілер – 3 орын
МАГИСТРАТУРА
1. 7M01104 – Педагогика және психология – 3 орын
2. 7М01303 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 3 орын
3. 7М01510 – Математика – 3 орын
4. 7М01515 – Химия – 3 орын
5. 7М01619 – Тарих – 3 орын
6. 7М07365 – Құрылыс – 2 орын
7. 7M08674 – Су ресурстары және суды пайдалану – 2 орын
ДОКТОРАНТУРА
1. 8D01303 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 2 орын
2. 8D01510 – Математика педагогтерін даярлау – 3 орын
3. 8D01515– Химия – 2 орын
4. 8D01517 – Биология – 2 орын
5. 8D04139 – Мемлекеттік және жергілікті басқару – 1 орын
6. 8D07365 – Құрылыс – 2 орын
7. 8D07366 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру – 3 орын
8. 8D08675 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау – 2 орын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!