Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:19

Қр ауыл шаруашылығы министрі Жалағаш ауданында

13.09.2023

356

0

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында «Таң» ауылдық округі, «АгроЛидер Таң» ЖШС – нің ет өңдеу цехының жұмысымен танысты.

Таң ауылдық округіндегі «Агролидер Таң» ЖШС-нің ет өңдеу цехы 2018 жылы іске қосылған. Цех қазіргі таңда тәулігіне 0,5 тн ет өндіріп, 15 түрлі ет өнімдерін шығарып, айына 15 тн ет өнімдерін облыс тұрғындарына тиімді бағада ұсынуда. Цехта 8 адам тұрақты жұмыс жасайды. Отандық өнім өндіруді қолға алған нысанның бүгінде шаруасы ширақ.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрі «Таң ЛТД» ЖШС-ның күріш ақтау зауытымен танысты. Күріш ақтау цехы 2018 жылы іске қосылды. Жаңа нысан қазіргі таңда тәулігіне 100 тонна күріш салысын ақтайды. Цехта 15 адам тұрақты жұмыс жасайды.

Ауылдың тынысымен таныс болған Айдарбек Сапаров елді мекендердегі жеке кәсіпкерлердің ауылды гүлдендіріп, халықты тұрақты жұмыспен қамтуда үлкен мүмкіндіктер жасап жатқанын ризашылықпен айтып, Сыр өңіріндегі серпінді істердің дәнекері болып жүрген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмысына сәттілік тіледі. Диханшы қауымның күзгі еңбекті шашпай жинап алуына тілекші екенін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: