Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 06:13

Құбырлардың жиі жарылуынан
тұрғындар сусыз қалуда

23.05.2023

256

0

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үйлестіру штабының отырысын өткізді, онда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Жиында құбырлардың жиі жарылуынан тұрғындардың айлар бойы сусыз қалып жатқанын жеткізген Әлихан Смайылов ауыз судың «аяқталмаған құрылыстарына» қатысты жұмыстарды сынға алды.

Индустрия және инфрақұры­лым­дық даму министрі Марат Қара­баев Мемле­кет басшысының тапсыр­ма­сына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін ха­лық­­ты сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамта­масыз ету жоспарланып отыр­ғанын баян­дады. Бүгінгі таңда ауыз суға қол­же­тімділік қалаларда 98,4 пайызды, ауылдарда 94,5 пайыз­ды құрап отыр. Ең аз қамту Абай, Ақмола және Жам­был облыстарының қалаларында, сон­­дай-ақ Ақмола, Қос­танай және Сол­­түстік Қазақстан об­лыс­тарының ауыл­­дарында тіркелген.
Биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйе­лерін салу және рекон­струк­ция­лауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд тең­ге бөлінген. Жалпы, 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауыл­дың халқын таза ауыз сумен қам­та­­масыз ету қажет. Осыған байла­нысты республиканың әрбір елді ме­­кенін қамтитын тиісті жоспар әзір­лен­ген. Оның ішінде іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, жобалау-сме­та­лық құжаттаманы әзірлеу және құ­ры­лыс-монтаждау жұмыстарының бары­сына мониторинг жүргізіледі.
Топтық су құбырларын салу және ре­конструкциялау жұмыстарының ба­­ры­сы туралы Экология вице-ми­нистрі Нұркен Шәрбиев баяндады. Қос­танай облысының әкімі Құмар Ақса­қалов, Түркістан облысының әкімі Дар­хан Сатыбалды, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірлерде атқарылып жатқан шара­ларға тоқталды.
Премьер-Министр мамыр айының басында Үкімет отырысында ауыз су жобалары бойынша «аяқталмаған құры­лыстар» туралы айтылғанын еске салды. Оларды аяқтаймыз дегенше қолданыстағы инфрақұрылымдар жа­рам­сыз болып қалуда.
– Ақтөбе қаласындағы Қарғалы шағын ауданының тұрғындары суық су мен ыстық судың жиі тоқтап қала­тынына шағым айтуда. Ақмола облы­сының Егіндікөл ауданында әб­ден тозығы жеткен Нұра су өткіз­гіші жалғыз өзі 12 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр. Ондағы судың шығыны 70-80 пайызға жетеді. Бұл ауылдардың тұрғындары құбырлардың жиі жары­луынан айлар бойы сусыз қалады, – деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы сондай-ақ Алматы облысындағы Талғар ауданының Кіші Байсерке ауылында су құбыры толық қуатында жұмыс істемейтінін айтты. «Бұлар биыл халықтан ресми түрде ке­ліп түскен 9 мың шағымның бірнеше мысалы ғана» деп атап өтті Премьер-Министр.
Ол мұндай кемшіліктер тек бүгін айтылған өңірлерге ғана емес, көптеген әкімдіктерге тән екенін қаперге салды. Атап айтқанда, Абай, Жамбыл, Аты­рау, Алматы және Түркістан об­лыс­тарында жобалау құжаттары әзір­лен­беген. Сондай-ақ 154 ауылда су та­зарту модульдерін орнату қажет­тілігіне қарамастан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл жұмыс­тарға қажетті қаражатты толық көлемде қарастырмаған.
Үкімет басшысы су мәселесінің үлкен әлеуметтік маңыздылығын ес­кере отырып, әрбір өңір, әсіресе ең төмен көрсеткіштері бар облыстар жұмысты жандандыруы керек деп есептейді. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстарға Индустрия министрлігіне бақылауды барынша күшейтуді тап­­сыр­ды. Үкімет басшысының ай­туын­ша, жүргізіліп жатқан жұмыстағы тағы бір маңызды блок – су саласын цифр­ландыру.
– Сумен жабдықтаудағы өндірістік процестерді автоматтандыру суды тиім­ді тұтынуды қамтамасыз етеді. Бұл судың шығындарын және желілер мен жабдықтардың бұзылуын азай­тып, қаржы үнемдеуге мүмкіндік бе­реді. Осы бағыт шеңберінде биыл жыл соңына дейін «Су ресурстары» модулі бар Табиғи ресурстардың интерактивті картасы енгізілуі тиіс. Сон­дай-ақ барлық қондырғылар мен гидроқұрылыстар есептеу құрал­да­рымен жабдықталуы керек, – деді Үкімет басшысы.
Қорытындылай келе, Әлихан Смайы­­­лов ауыз су бойынша «са­қалды құ­­­ры­лыстардың» барлы­ғын тездетіп аяқтау мәселесін пысық­тауды, өңірлер әкімдіктері келер жылы су беру жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша жобалау құжаттарын жыл соңына дейін аяқтауды қамтамасыз етуді, 22 ауылда іздестіру-барлау, сондай-ақ 20 қаланы сумен жабдықтау су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: