Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен арнайы жиын өтті.
Кездесу барысында аудандық қоғамдық штаб мүшесі Өмірсерік Тақырбасов жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді.
Сондай-ақ, жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі екені айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!