Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 09:10

Құқықтық кеңес беру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізілді

29.07.2022

697

0

Бүгін Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және Қызылорда облысы Әділет департаментінің филиалы Қызылорда қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы аға сот орындаушысы Жанат Саткеева, облыстық әділет департаменті, адвокат және жеке сот орындаушылардың қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді. Құқықтық кеңес беру мақсатында қоғамдық қабылдаудың мақсаты – тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету үшін және де құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпараттар беріп, азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру мен жеке жауапкершіліктерін сезіндіру.


Аталмыш шара Жалағаш кенті орталығындағы халық көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығында және Жалағаш аудандық ауруханасында өткізілді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша заң аясында құқықтық кеңестер алды. Кәсіпкерлік, алимент, «Дипломмен ауылға», тұрғын үй, несиелер туралы сұрақтар тиісті сала мамандары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: