Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қабылдау өтті. Аталған қабылдауда Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Құрақбаев Мейірбек Амангелдіұлы тұрғындардың талап тілектерін тыңдап, ҚР қолданыстағы заңнамалары аясында құқықтық көмек көрсетіп, заң аясында кеңестер мен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қабылдауға келген өтініш иелері жастар практикасымен жүрген маманның декреттік демалыс пен жұмысты қайта жалғастырудың заңдылығы, екінші деңгейлі банкпен біреудіңатынан екінші тұлға заңсыз әрекетпен несие алған, бұл мәселені шешу жолдары, банкроттық мәселесі, мемлекеттік мекемелерге жұмысқа тұру бойынша заңдылық кеңестер сұралды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!