Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 08 мамыр, 10:10

«Қыс-2022»: Оқу-жаттығуға мыңнан аса адам қатысты (ФОТО)

25.11.2022

343

0

Қызылорда облысында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2022 жылғы 24 қарашада қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға даярлау мақсатында «Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының облыстық кезеңі Қазалы ауданында өткізілді. 

Оқу-жаттығу барысында жергілікті уақытпен 9:00-де «Дабыл-1001» сигналы түсті. Оқу-жаттығуды бақылау мақсатында Әйтеке би кентінде орналасқан «ҚазАвтоЖол» мекемесінің ауласында Қазалы ауданы бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің және шұғыл әрекет ету жасақтарының күш-құралдарының әзірлігін Қазалы аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Айдарбекұлы қарады. Осы оқу-жаттығуға 176 жеке құрам 74 бірлік техника қатыстырылды. Сонымен қатар аталған саптық қарауға азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу шарты бойынша бірінші шартты жағдайға сәйкес облыстық автожолда автокөліктердің соқтығысуы әсерінен авария жағдайы орын алып, Өрт сөндіру қызметі, медициналық қызметі және қоғамдық тәртіпсіздікті сақтау қызметі жұмылдырылып толығымен жойылды.

Екінші шартты жағдайға сәйкес Жолаушылар поездінің алдыңғы бөлігінен өрт оқиғасы туындап поезд ішінде 20 жолаушының қалып қойғаны анықталғаны. 

Үшінші шартты жағдайға сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қардың көп түсу салдарынан автокөлік кептелісі орыналған. Аталған қар құрсауында қалып қойған жолаушыларды эвакуациялау және ыстық тағаммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

«Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басшылығының штабымен байланыс және телефон желілері жылжымалы басқару пунктінен Төтенше жағдайлар министрлігімен бейнеконференция байланысы ұйымдастырылды. 

Аталған оқу-жаттығу Шиелі ауданында да өтті. Оқу жаттығу жиынына аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов арнайы қатысты.

Оқу жаттығулар қысқы уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру мен жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Жаттығу барысында жасақ жетекшілерінің өзіне жүктелген функционалдық міндеттері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар «Қыс-2022» оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайларды жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамаларымен практикалық әрекеттер өткізілді.

Сонымен қатар Сырдария ауданында да таңғы 08:00-де «Дабыл-1001» шартты белгісі түсісімен құлақтандыру жүйесі арқылы азаматтық қорғау топтарының басшы құрамдарына «жалпы жиналу» хабарын жеткізуден басталды.  

Оқу-жаттығу барысында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің әзірліктері пысықталып, саптық қарау жұмыстары жүргізілді. Оқу жаттығудың практикалық бөлігінде Тереңөзек кенті, Аманкелді көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің бу қазандығының жарылғандығы туралы шартты белгісі беріліп, тиісті азаматтық қорғау қызметтерінің күшімен орын алған төтенше оқиғаны жою бойынша шұғыл әрекет ету жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Тереңөзек кентіндегі Сырдария аграрлы-техникалық колледжіндегі эвокуациялық жинақтау пунктінің және С.Сейфуллин ауылдық округіндегі №137 мектепте орналасқан эвокуациялық қабылдау пунктінің жұмыстары тексерілді.

Жалпы облыс бойынша оқу-жаттығуға барлығы 1184 жеке құрам адамы және 351 бірлік техника қатыстырылды. Оқу-жаттығу аяқталған соң «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басшылығының штабымен қортытынды жиын өтті.

Іс-шара кезінде Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Назымбеков Күнтілес Айдарбекұлы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы және Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қалиев Алтынбек Сауытбекұлы «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілу барысы туралы БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

IMG-20221124-WA0094.jpg
IMG-20221124-WA0084.jpg
IMG-20221124-WA0102.jpg
IMG-20221124-WA0088.jpg
5EE66C10-189D-47DA-80A8-680241924A37.jpeg
IMG-20221124-WA0092.jpg
275E9FCB-4574-4746-866C-D7C4BAAAC84F.jpeg
3258B048-00D6-41AE-93A8-363A85E9D2B5.jpeg
IMG-20221124-WA0098.jpg
IMG-20221124-WA0090.jpg
D23A39D4-8252-4038-96E5-903DF6EC6794.jpeg
7EE359F5-1909-4CC4-AE8B-7F6F9C1E3780.jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: