Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:18

Қыз өссе, елдің көркі

21.10.2022

454

0

Дана халқымыз ертеден «Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жерді көркі», «Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда», деп қыз баланың тәлімі мен тәрбиесін жоғары бағалап, қыз баласын адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, әдептілікке, мәдениеттілікке, сұлулық пен сымбаттылықа баулып отырған. Осы орайда, бүгін Аққұм ауылдық округінде «Қыз өссе – елдің көркі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған басқосуға жастар, ауыл тұрғындары және арнайы «Алтын алқа» иегерлері Құрманова Алтынкүл, Арыстанова Күміскүл және «Еңбек ері» Құлмаханова Бағдагүл қатысып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушы ардагерлеріміз еліміздің бүгіні мен болашағы, қазіргі қоғамның бет-бейнесі турасында кеңінен әңгіме өрбітті. Ұлттық деңгейде ойлау, мемлекеттік сананы қалыптастыру, қазақы салт-дәстүр, өзіндік болмысымызды сақтау сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеуге үндеді.

Біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары. Халқымыз «қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. «Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы. Жасөспірім шақта отбасында саналы тәрбие, сапалы білім алып, қоғамның жеке дербес тұлғасы ретінде қалыптасып, келешекте білікті маман болып, елінің дамуына өз үлесін қосатын азаматшалары атанулары тиіс – деді ардагер Құлмаханова Бағдагүл.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: