Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Дүйсенбі, 06 мамыр, 15:07

Қызметтік көлік табыстады

09.04.2024

352

0

Кеше облыстық мәслихат депутаты, ішкі істер саласының ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Әмір Шаймағанбетов аудандық полиция бөлімінің ұжымымен кездесті. Жиында қызметкерлердің жұмысына ерекше тоқталған сала ардагері аудандық полиция бөліміне екі автокөліктің кілтін табыстады.

– Өзім осы ауданнан шыққасын ауданның жеке құ­ра­мымен кездесуді көптен бері жоспарлағанмын. Бірақ сәті бүгінге түскен екен. 30 жылдық өмірімді осы салаға арнап, қазір ел болашағы болған жастарды елжандылыққа тәрбиелеуге өз үлесімді қосып жатырмын. Сонымен қатар шалғай елді мекендерге материалдық-техникалық базасын, учаскелік полиция қызметкерлеріне үй беру және оларға көмекші беру жөніндегі мәселелерді көтеріп жатырмыз. Солардың бір жауабы ретінде кешегі қаралған сессияда 18 автокөлік берілді. Соның ішінде 2 автокөлік Жалағаш ауданының полиция бөлімінің үлесінде. Департамент бастығының қолдауымен шал­ғай елді мекендерге табысталмақ. Біреуі Аққырға, енді бірі Қаракеткен елді мекеніне беріліп жатыр. Енді алдағы уақытта шалғай елді мекендердегі полиция қызметкерлеріне үй беру мәселелерін қарастырамыз, – деді Әмір Шаймағанбетов.
Кездесуде облыстық мәслихат депутаты өз кітабымен таныстырып, қазіргі құрамдағы жастардың да кітап оқу қажеттігін тілге тиек етті. Өзінің авторлық кітаптарын да аудандық полиция бөлімінің мұражайына сыйға тартты. Сонымен қатар аудандағы жұмыс істемей қалған камераларға да тоқталып, полиция бөлімінің жұмысы камерамен тығыз байланысты екенін және ол жайында аудан әкіміне ұсыныс білдіретінін де айтты.
Кездесу соңында аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғат Лекеров ұсыныс айтты. Ол ауылдық жерлерге шығуға көліктер жарамсыз екенін тілге тиек етіп, кез келген жолға төзімді көлік қажеттігін назарға салды. Сонымен қатар ауылдық, егіндік жерлерді тексеріс кезінде дрон қажеттігін де жеткізді.


«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: