Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 03:02

Қызылорда автобус паркі 150 жаңа автобуспен толығады

23.07.2022

924

0

Соңғы бес жылдықта Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес жаңа мөлтек аудандар бой көтеріп, халық саны қарқынды артуда.

Мәселен, Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтерген жаңа тұрғын ауданда әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер және «Бәйтерек» мөлтек ауданынан «Бала мекен» елді мекені салынып көпбалалы отбасыларға баспана табысталды. Сәйкесінше, қала аумағындағы жолаушылар тасымалының маршруттық сызбасы біршама өзгеріске ұшырап, мөлтек аудандарды қоғамдық көлікпен толықтай қамтамасыз ету қажеттілігі туындады.

Осы бағытта қала көлеміндегі жолаушылар тасымалдауға арналған көліктердің жеткіліксіздігі туралы тұрғындар тарапынан көптеген шағым түсе бастады.
Мәселенің мән-жайын ескерген аймақ басшылығы қоғамдық көлік мәселесін шешу және халық сұранысына сай қызмет сапасын арттыру мақсатында, «Қызылорда Автобус паркіне» қосымша үлкен сыйымдылықтағы, заманауи автобустар алдыру жөнінде шешім қабылдады.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС-нің жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке 150 автобус алу жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық көліктерді алдыру үшін алғашқы 20 пайыз жарнасын төлеу үшін облыстық және қалалық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылды.

Айта кетейік, жаңадан алынған автобустар қалаішілік қоғамдық көліктердің 14 бағытын қамтиды. Бұл өз кезегінде қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға айтарлықтай септігін тигізгелі отыр. Жолаушылар тасымалдауға арналған сыйымдылығы жоғары автобустар биыл толық алынады деп жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: