Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 11:53

Қызылорда: Автобустарда жылжымалы электронды кітапханалар іске қосылды

21.05.2023

195

0

 «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС «KitapAl» кітап дүкенімен бірлесе отырып халықтың көркем әдебиетті оқуға баулу мақсатында қаланың қоғамдық көліктерінде алғаш рет жылжымалы электронды кітапханаларын іске қосты.

​Қазіргі таңда электронды кітапханалар «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-не қарасты қоғамдық көліктерінде орнатылған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары ғаламтор желісіне қосулы болса болғаны.

QR кодтары бойынша кітап оқу опциясы 16 бағыт  (№1, 3, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29, 30, 31) бойынша жолаушыларды тасымалдайтын автобус салондарында қолжетімді.

Мұнда қазақ, шетелдік классиктердін шығармалары және психологиялық, тұлғалық даму бағытындағы кітаптар жолаушылар үшін қолжетімді.
Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды», М.Мақатаевтың «Өмір өзен», Л.Кинның «Как разговаривать с кем угодно когда угодно и где угодно», П.Уоллейстың «Интернет психологиясы», П.Коэльоның «Алхимик», Д.Кахоның «Түйсігіңмен ойла», «Мың бір түн» шығармалары.  
Алдағы уақытта кітаптар тізбесі жаңартылып отырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: