Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сейсенбі, 16 тамыз, 21:37

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ескерту алды

20.07.2022

162

0

Қызылорда облысында ана мен бала өлімі көбейген. Жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелген. Өткен жылы 10 ана, 2020 жылы 12 ана қайтыс болды. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау саласы сараланған алқа отырысында мәлім болды.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде ана мен бала өлімінің көбейгені алаңдатып отырғанын жеткізді. Келеңсіз көрсеткішті төмендету мақсатында дер кезінде тиісті іс-шаралар атқармаған денсаулық сақтау басқармасының басшысын қатаң сынға алды. Сондай-ақ, басқармаға мәселені шешетін кешенді жоспар әзірлеуге 10 күн уақыт берді.

«Тіркелген ана мен бала өлімі көрсеткішін тек табиғи факторларға, материалдық-техникалық базаға сілтеудің қажеті жоқ. Жауапкершіліктен құтылмайсыздар!
Әрбір өлім-жітім – бір отбасының тағдыры, қасіреті. Бұл ретте, қысқа мерзімде көтерілген мәселе бойынша шұғыл және пәрменді шаралар қабылдауымыз қажет.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 10 күн ішінде ана мен бала өлімін төмендету мақсатында сала мамандарымен және ғылыми қауымдастық өкілдерімен мәселені жан-жақты зерделеп, кешенді жоспар әзірлеп, бекітуді тапсырамын. Сонымен қатар, жүкті әйелдерге қауіп факторларымен және ауыр экстрагенитальды патологиямен кеңес беру үшін республика деңгейіндегі білікті мамандарды тарта отырып, консилиумдар ұйымдастыру қажет. Жүкті әйелдерді уақытында есепке тұрғызу және балаларға патронаж жасау жұмыстарын күшейтіп, әйелдер арасында жүктілікті жоспарлау бойынша түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиын нәтижесінде, қызметіне салғырт қараған басқарма басшысы Сәбит Пазыловқа жазбаша ескерту берілді. Сонымен бірге ана мен бала денсаулығы мәселесіне жауапты орынбасары мен басқа да қызметкерлердің жауапкершілігі қаралады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: