Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.
1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.
2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!