Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 10:13

Қызылорда облысында 38 әлеуметтік нысан салынуда

13.09.2023

244

0

Жыл басынан бері 8 айда әлеумeттік нысандар құрылысына мемлекеттік бюджеттен 23,7 млрд. теңге бөлінген.

Бұл қаражатқа 37 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Олар – 10 білім беру, 20 денсаулық сақтау, 3 мәдениет, 3 спорт және 1 мемлекеттік орган ғимараты.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 10 мектеп салуға республикалық бюджеттен 19,6 млрд. теңге бөлініп, құрылыс басталды.

Облыстық құрылыс басқармасы 12 нысанның жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысын алды.

Жобалардың жалпы құны 35,585 млрд теңге.

Атап айтсақ, 8 білім беру нысанының (7 мектеп, 1 Оқушылар сарайы) құны 6,662 млрд теңге, 2 спорт нысаны 27,979 млрд теңгеге, көпфункционалды кешеннің сыртқы инженерлік желілері 110,661 млн.теңгеге салынады.

Сол жағалауда жолаушыларға жайлы жаңа автовокзал бой көтереді.

Тағы да 31 нысанның , яғни 15 білім беру, 14 денсаулық сақтау, 2 мәдениет нысанының құжаттамалары әзірленуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: