Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 22 желтоқсан, 14:17

Қызылорда облысында алдағы үш жылда 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

22.12.2025

6

0

Былтыр Қызылорда облысында 13 білім беру ұйымы ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. 2023 жылдан бастап 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. Нәтижесінде өңірде үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты, деді өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz 

«Соңғы үш жылда 5 млрд 300 млн теңгеге 15 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 млрд 400 млн теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртудан өтті. Алдағы үш жылда өңіріміздегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық мектептің орнына жаңадан білім ордасы салынды. «Білімді қолдау қоры» арқылы 2 млрд 333 млн теңгеге Мергенсай ауылында салынған 150 орындық мектеп жақын күндері пайдалануға беріледі. Аталған қор есебінен 8 млрд 400 млн теңгеге физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты салынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: