Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сейсенбі, 16 сәуiр, 06:32

Қызылорда облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті

28.04.2023

704

0

ҚР Оқу-ағарту министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Жаңақорған ауданында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті. Оған өңірдегі білім беру ұйымдарының 1100 басшысы, бухгалтерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Министр білім беру жүйесінде қабылданып жатқан шаралар мен білім сапасын арттыруға баса назар аударды.

«Министрліктің басым міндеттерінің бірі білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Барлығы ашық әрі айқын болу үшін жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жоспарлануда», – деді Ғани Бейсембаев.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және цифрлық технологияларды қолдана отырып шешу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ қазіргі жағдай туралы Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары баяндама жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында министрлік аумақтық бөлімшелер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, әкімдіктер мен мәслихаттар депутаттары және қоғам өкілдерін тарта отырып мониторингтік топтар құруды ұсынды. Барлық облыстық білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдерін қамтитын «білім аудитін» өткізу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі еліміздің барлық білім беру ұйымдарында аудит жүргізу туралы шешім қабылданды. Бірлескен талдаудың басталуына білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп болды. Олардың басым бөлігі Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру саласындағы қазіргі жағдайды өзгертуге қатысты кешенді шаралар қолдану туралы шешім қабылданды. Ол білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және қаржылық тәртіпті күшейту. Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: